Табиғаттың ерекше құбылыстарының бірі – көктемгі су тасқыны. Қыс мезгілі аяқталып, көктем келген тұста өзен-көлдердің суы көтеріліп елді мекендерге қауіп төндіреді, өмірлік маңызы зор жолдарды су басып қалады. Жыл сайын наурыз-сәуір айларында су тасқынына қарсы шаралар қабылданады.
Су тасқыны кезінде ауыл тұрғындары тасқын судан қорғану ережелерін білулері керек және су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізетін мекемелердің жұмысшы-қызметкерлері мен техникалардың жұмысына кедергі жасамай, мүмкіндігінше қолдан келген көмекті көрсеткендері дұрыс.
Су тасқының алдын алу мақсатында Қаратерек орта мектебінде 12 наурыз күні «Қауіпті судан сақтан!» және «Апатты жағдайлар және одан сақтану жолдару»атты сынып сағаттары өтті.Сынып жетекшілер төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында су тасқынына байланысты түрлі жағдайларда қандай іс-әрекет жасау жөнінде кеңестер берді .
Су тасқынына қалай дайындалу керек және су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек? деген сұрақтарға барынша жауап беріп,оқушыларға су басып, көшіру жұмыстары жүргізілетін жағдай жасалатын болса,алып шығатын құжаттар, дәрі-дәрмектердің тізімі жайлы ақпарат берілді.